№1есеп. Әйел екі ай бойы етеккірінің келмегендігіне, таң ертең лоқсу және құсу, қышқыл нәрселерді қалайтынына Главная страница сайта Об авторах сайта Контакты сайта Краткие содержания, сочинения и рефераты

№1есеп. Әйел екі ай бойы етеккірінің келмегендігіне, таң ертең лоқсу және құсу, қышқыл нәрселерді қалайтынына


.

Читать реферат для студентов

№1есеп. Әйел екі ай бойы етеккірінің келмегендігіне, таң ертең лоқсу және құсу, қышқыл нәрселерді қалайтынына шағымданады.

Обьективті :қынап жәнежатыр мойны шырыштары көгерген, жатыр 12апта жүктілікке дейін үлкейген,тығыздығы қамыр тәрізді, сипағанда қатаяды.

1. Жүктіліктің жорамалды, күмәнді және нақты белгілерін атаңыз?

2. Жүктіліктің ерте мерзімін анықтаудың қандай белгілері бар?

3. Әйелді жүктілікпен есепке алу кезінде қандай зерттеулерден өту керек?

4. Жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеңіз.

Жауабы:

1. Жорамалды белгілері: тәбеттің өзгеруі,ашуланғыш, ұйқышыл.

Күмәнді белгілері: етеккірдің келмеуі, жатырдың үлкеюі, қынап және жатыр мойнының көгеруі.

Нақты: нәресте мүшелерінің анықталуы, қимылын сезіну,жүрек соғысын тыңдау.

2. Белгілері:Горвиц- Гегар жатыр мойыншасының жұмсаруы,Снигирев-жатырдың механикалық тітіркендіруде қатаюы. Губарьев –Гаус–жатыр мойнының қозғалғыштығы; Пискачек – жатыр ассиметриясы; Гентер – жатырдың алдыңғы қабырғасынан қыр.

3. ҚЖТ,ЗЖТ,RV,ВИЧ- қан ,қанның коагулограммасы, қан тобы және резус фактор, қан қантқа, терапевтің, стоматологтың, окулист, лор-дәрігерінде, эндокринологта қаралу. Дене салмағын, бойының ұзындығын өлшеу.

4. Үлкен жамбасты өлшеудің стандарты.

№2есеп.Тұңғыш жүкті әйел жамбас өлшемдері қалыпта, жүктілік мерзімі жеткен, қағанақ қуығы бүтін, толғақ басталғаннан 6сағаттан кейін келіп түсті.

Обьективті: жатыр сопақтау, нәресте тігінен,орналасқан, 1-позиция, бас келіп тұр.

P.V: жатыр мойны жайылған,4см ашылған.

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Босанудың Ι-кезеңіне сипаттама беріңіз және Ι-кезеңге қандай итеруші күштер тән?

3.Босанудың Ι-кезеңінде қандай бақылау жүргізілу қажет.

4. Шүйденің алдыға қарап туылу биомеханизмін көрсетіңіз.

Жауабы:

1. Мезгілі жеткен жүктілік. Босанудың Ι-екзеңі.

2. Босанудың Ι- кезеңі ретті толғақпен басталып, жатыр мойнының толық ашылуымен аяталады. Жатыр мойнын ашатын толғақ әсер етеді. Лотентті фаза (4-см.ге дейін) және белсенді фаза. Ашылуға әкелетін толғақ - бұл жатыр бұлшық еттерінің ырғақты жиырылуы. Контракция(ет талшықтарының ұзыннан қысқаруы),ретракция (ет талшықтарының бір-біріне қабатталуы),дистракция(жатыр мойны еттерінің жан-жағына және жоғары тартылуы) болады.



3. Толғақты санау үшін қолдың алақанын жатыр түбіне қояды. А\қ – ын әр 4сағат сайын, бастың жылжуын, қуықты өз уақытында босатуды бақылауды, ауырсыздандыру, психопрофилактика әйелдің таңдауы бойынша.

4. Босану биомеханизмінің стандарты.

№3есеп.Жүктілік мерзімі 38апта болған әйел келіп түсті. Ішінің төменгі жағы 4 сағат бойы толғақ тәрізді ауыратынына шағымданады. Нәресте тігінен орналасқан, бас келіп тұр, кіші жамбас кіре берісіне тіреліп тұр.

PV. Жатыр мойны жұмсарған,2см.дейін қысқарған.

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. Босанудың клиникалық белгілерін атап көрсет?

3. Жатыр мойны тұнғыш және қайта босанушыларда қалай ашылады,босанудың Ι-кезеңінің ұзақтығы тұңғыш, қайта босанушыларда қалай?

4. Шүйденің артқа қарап туылуындағы биомеханизмді көрсетіңіз

Жауабы:

1.Жүктіліктің 38аптасы. Физиологиялық прелиминарлық кезең.

2.Жатыр түбі төмендейді, шырышты тығын кетеді, жатыр бұлшық еттерінің сирек және қысқа жиырылуы пайда болады, жатыр мойны жұмсарады, қысқарады, ортаға орналасады, өзегі 1саусақ өткізеді.

3.Тұнғыш босанушыларда ең бірінші жатыр мойнының ішкі ернеуі, содан кейін сыртқы ернеуі ашылады. Қайта босанушыларда жүктіліктің соңында жатыр мойны өзегі 1-2 саусақ өткізеді, сондықтан жатыр мойнының жайылуы, ішкі және сыртқы ернеулердің ашылуы бір мезгілде болады.

Загрузка...

Босанудың бірінші кезеңі: тұнғыш босанушыларда-10-12сағат, қайта босанушыларда- 6 -8сағатқа созылады.

4.Шүйденің артқа қарап туу биомеханизмін көрсетіңіз.

№4есеп. Босанушы әйелде толғақ 1-2 мин. сайын 45-40 минуттан, күші жақсы.

PV.жатыр мойны толық ашылған,төбе жігі кіре берістің тік өлшемінде,кіші еңбек шат доғасында , қағанақ қуығы жоқ.

1. Сіздің диагнозыңыз және акушерканың әрекеті?

2. Босанудың осы кезеңінде қандай итеруші күш әсер етеді?

3. Қандай бақылау жүргізу керек?

4. Физиологиялық босануды қабылдауға дайындалуды көрсетіңіз.

Жауабы:

1) Жетілген жүктілік. Босанудың 2-кезеңінің басталуы. Нәрестенің шүйдесінің алдыға қарап келуі. Босанушы әйелдің киімдерін ауыстыру, залалсыздандырылған бахилдер кигізу. Акушерка алжапқыш киеді, первамур ерітіндісімен қолын өңдейді залалсыздандырылған халат киеді. әйелді қалауы бойынша Рахманов төсегіне немесе креслоға жатқызады. Жаңа туылған нәрестеге арналған екі ораманы –кіндікті біріншілік және екіншілік өңдеу үшін. Акушерлік көмек көрсетуге кіріседі.

2) Босандыру итеруші күштер – күшену. Акушерка қалай дұрыс күшену керектігін түсіндіруге міндетті.

3) Күшену арасында нәрестенің жүрек соғуын тыңдап, бағалайды. А\қ. өлшейді,бастың кіріп шығуын бақылайды,аралықты қорғайды. Нәресте туылған соң оны анасынан бөледі.

4) Физиологиялық босануға дайындалу стандарты.

№5есеп. Босану болды, салмағы-3300.0 гр. Ұзындығы – 50 см., тірі,жетілген нәресте туылды, тін және қабықтары түгел.

1) Сіздің диагнозыңыз және келесі босану кезеңін жүргізу.

2) Келесі босану кезеңін қалай жүргізеді?

3) Емшекпен емізудің принциптері қандай?

4) Бала жолдасын қарап және оған баға бер, босанған әйелді айнамен қара.

Жауабы:

1) Жетілген жүктілік. Босану. Босанудан кейінгі ерте кезең. Бұл кезең 2-сағат созылады. Босану жолдарын айнамен қарайды. Жарақаттарға тігіс салынады.

2) Жатырдың жиырылуын және жыныс жолдарынан шыққан қан мөлшерін бақылайды. Жоғалтқан қанды бағалайды. Бірінші сағатта әр 15минут сайын және екінші сағатта әр 30 минут сайын А\қ-ын өлшейді. Жалпы жағдайын бағалайды. Қарсы көрсеткіштер болмаса 2-сағаттан кейін босанғаннан кейінгі бөлімге ауыстырады.

3) Соска және рожок беруге болмайды, тек емшекпен тамақтандыру керек, нәрестенің қалауы бойынша түнгі үзіліссіз.

4) Бала жолдасын қарау стандарты.

№6есеп. Босану болды, салмағы 3200.0гр, ұзындығ – 50см.жетіілген,тірі нәресте туылды. Даусы шырыштарды сорып алғаннан кейін бірден, терісі күлгін, қимылы белсенді.

1) Сіздің диагнозыңыз және басталған келесі босану кезеңіне сипаттама беру.

2) Қ.Р. ДСМ №498 бұйрығы бойынша басталған босану кезеңін жүргізу әдісі...

3) Нәрестенің жағдайы қандай белгілермен бағаланады?

4) Бала жолдасының бөліну белгілерін көрсетіңіз.

Жауабы:

1) Жетілген жүктілік. Босанудың 3-кезеңі. Бала жолдасы кезеңі нәресте туылғаннан сәттен басталып бала жолдасы туылуымен аяқталады. Бала жолдасы, бала жолдасы толғағының әсерімен шетінен - Дункан немесе ортасынан – Шульц бойынша, ретроплцентарлы гематома пайда болуымен бөлінеді.

2) Бала жолдасы кезеңі табиғи дәрі – дәрмек қолданбай және белсенді жүргізіледі.10ЕД окситоксин енгізіледі, жоғалтатын қанды. 2,5 есе төмендетеді.

3) Жаңа туылған нәрестенің жағдайы Апгар шкаласы бойынша бағаланады.

4) Бала жолдасының бөліну білгілері стандарты.

№7есеп. Жедел жәрдем фельдшері вокзалдан шақырту алды: әйелдің толғағы басталған. ІА-92см, ЖТБ-35см. Толғақ әр 15минут сайын 30-35 секундтан. Босанушы әйелдің алмасу картасы жоқ.

1)Фельдшердің алғашқы диагнозы және тактикасы.

2)Берілген мәліметтер және объективті белгілер бойынша жүктілік және босану уақытын қалай анықтауға болады?

3)Перзентхананың әр түрлі бөлімдеріне жатқызу көрсеткіштері.

4)Босанушы әйелді (роженица) акушерлік әдістермен зерттеңіз.

Жауабы:

1) Подстанцияның бас дәрігеріне хабарлау және перзентханаға жатқызуға рұқсат алу.

Босанушы әйелдің жағдайын бағалау және жорамалды диагноз қою. Жетілген жүктілік. А\қ 2 қолда өлшеу. Толғақтың ұзақтығын және олардың арасындағы үзілісті санау. Нәрестенің орналасуын, позициясын және алдыңғы бөлігін анықтау.

2)Жүктілік мерзімін соңғы етеккірі бойынша, нәрестенің 1-қимылы бойынша, ІА және ЖТБ бойынша анықтауға болады.

3)Физиологиялық бөлімде – дені сау, зерттелген жүктілер және босанушылар, зерттелмеген,T°,жөтелмен , іріңдермен, созылмалы инфекциямен, ұзақ сусыз кезеңмен – абсервация бөліміне.

4) Сыртқы акушерлік зерттеу стандарты.

№8есеп.Жүкті әйел 37-38апталық мерзімде сырқы акушерлік зерттеумен қаралған. Жатыр түбі жоғары орналасқан, диафрагма астында. Кіші жамбас кіреберісінде бас анықталады, жатыр түбінен тағы екі ірі мүше анықталады. Нәрестенің жүрек соғуы 2 жерден естіледі.

1) Сіздің диагнозыңыз және клиникалық жағдайдың сипаттамасы.

2) Берілген клиникалық жағдайдың пайда болу механизмінің себептері.

3) Әйелдер кеңесі акушеркасының берілген жағдайды анықтау және тактикасы.

4) ІА, ЖТБ. Соловьев индексін өлшеңіз.

Жауабы:

1) Жүктіліктің 37 аптасы. Көп ұрықтық.

2) Тұқым қуалаушылық, бедеулікті овуляцияны стимуляциялаушы заттармен емдеу, анасының жасы. Көп ұрықты - монозиготалы және дизиготалы болады. Бір жұмыртқалары егіздер – ұрықтанған аналық жасушаның атипті бөлінуінен,екі жұмыртқалы егіздер – бұл мезгілде дамыған фолликулалардан ұрықтанған аналық жасушадан дамиды.

3) Жатырдың тез өсуі, акушерлік зерттеу кезінде , үш ірі мүшенің анықталуы, жүрек соғулар арасында «үнсіз аймақ», жүрек соғу жйілігі және үні әр түрлі. Қорытынды диагноз нәрестелер және бала жолдасы туылған соң қояды. Нәрестелер арасында екі қабық – бір жұмыртқалы егіздерде,4 қабық – екі жұмыртқалыларда. Жүктіліктің 34аптасынан бастап, апта сайын бақылау және алдын ала жатқызу.

4) ІА,ЖТБ, Соловьев индексін өлшеу стандарты.

№9есеп. Жүкті әйелдің 14аптасы мерзімінде белінде және ішінің төменгі жағында ауыру сезімі пайда болды. Қарағанда –жатыр 13-14аптаға дейін үлкейген, қозған. Анамнезінде: 4-жүктілгі,1-босануы, алдыңғы жүктілері медициналық абортпен аяқталған 8-10 апта мерзімінде.

1) Сіздің диагнозыңыз және берілеген патологияға әкелетін себептер?

2) Берілген патологиялық ауруларды қандай белгілер көрсетеді?

3) Емдеу принциптері?

4) Жүкті әйелді айнамен қара және екі қолмен зерттеуді жүргізіңіз.

Жауабы:

1) Жүктіліктің 14 –аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі. Аборттар, гинекологиялық аурулар, нейроэндокринді бұзылыстар, жедел және созылмалы инфекциялар,жатыр ісіктері, жүктіліктің асқынулары, гестоздар, көп ұрықтық, көп сулық,

2) Жүктіліктің үзілу қаупі басталған, жолдағы түсікке айналуы мүмкін.

3) Дюфастон, спазмолитиктер, седативті препараттар десенсибилизациялаушы ем, жалпы қуаттандырушы терапия.

4) Айнамен қарау және екі қолмен зерттеу стандарты.

№10 есеп. Әйелдер кеңесі акушеркасының жүктілік мерзімі 6-7апта болған әйел тәулігіне 7-8рет, тамақ қабылдағанда байланыссыз құсатынына, әлсіздікке шағымданып келді. Қарағанда –дене салмағын жоғалтқаны байқалды, А/Қ 100\60мм.сын.бағ. пульс, минутына 90 рет.

1) Сіздің диагнозыңыз және берілген ауруға анық сипаттама беріңіз.

2) Берілген аурудың емдеу принциптері қандай?

3) Берілген патологияларда қандай асқынулар болуы мүмкін?

4) Қынапқа майлы тампон қою іс-әркетін көрсетініз.

Жауабы:

1) Жүктіліктің 6-7 аптасы. Жүктілер құсуының орташа дәрежесі. Бұл ауру әйел ағзасының ұрық жұмыртқасының дамуына бейімделуінің бұзылуымен сипатталады.

2) Емдік -қорғау режимі: диета, церукал, реч.os.немесе в\м және в\в; изотониялық ерітінді, гемодез-в\в, эссенциале.

3) Құсудың орташа дәрежесін емдемесе тоқтаусыз құсу дамуы мүмкін, организмнің сусыздануы болады, өмірге керекті ағзалардың функциясының бұзылуы, әсірісе бүйрек, бауыр, жүрек. Жүктіліктің үзілуі мүмкін.

4) Қынапқа майлы тампон кою стандарты.

№11есеп. Перзентхананың потология бөліміне жүктілігі 32-апта болған әйел келіп түсті. Аяқтарында ісіну бар, а\қ 140\90мм,сын.бағ.және 160\100мм.сын.бағ. зәрде ақ уыз -3г\л дейін, тәуліктік диурезі 800мл.

1) Сіздің диагнозыңыз және берілген ауруға сипаттама беріңіз.

2) Аурудың ауырлауын қандай белгілер көрсетеді?

3) Емдеу принциптері.

4) Эклампсия құрысып тарысуында қажетті заттарды жина және көмек көрсетіңіз.

Жауабы:

1).Жүктіліктің 32аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Аурудың негізгі белгілері-А\Қ көтерілуі, зәрде ақуыздың пайда болуы. 2 дәрежеге бөлінеді, А\қ, протеинурияның көрсеткіштерінің көтерілуімен анықталады.

2). Аурудың аурырлауын мидағы белгілердің пайда болуы куәландырады: бас ауруы шүйдеде болуы, көздің алдында жалтырауықтар көрінуі,эпигастра аймағында ауру сезімі пайда болады, диурездің төмендеуі және олигурия. Эклампсияға ауысуы мүмкін-құрысып –тырысудың пайда болуы сетчатканың сылынуымен, бүйрек, бауыр жетіспеушіліктері, ДВС синдромының дамуы гипоксия және ұрықтың антенатальды өлуі.

3). Емдік-қорғау режимі, күттірмейтін көмек ретінде магнезиальді терапия, спазмолитиктер, гипотензивті препараттар, реополиглюкин.

4). Эклампсиядағы күттірмейтін өмек стандарты.

№12есеп. Жүктілігі 34апта болған әйел белінде және ішінің төменгі жағының ауыратынына шағымданып келді. Үшінші жүктілігі, бірінші босануы.

Объективті: Жатыр көлемі 34 апталық жүктілікке сәкес үлкейген, қозғыш. Нәресте тігінен орналасқан, баспен келуі, жүрек соғуы анық, ырғақты. Жатыр мойны сақталған, жұмсақтау.

1) Сіздің диагнозыңыз және берілген жағдайдың дамуына қандай себептер әсер етеді?

2) Берілген патология диагностикасы және емі.

3) Мерзіміне жетпеуге қандай белгілер тән?

4) Толғақтың жиілігін, күшін және олардың арасындағы үзілісті анықтаңыз.

Жауабы:

1)Жүктіліктің 34-аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі, себептері: гормандардың жетіспеуі, гестоздар, экстрагенталды аурулар, көп ұрықтық, су көптік, су аздық, ірі нәресте, нәрестенің көлденең орналасуы, нәрестенің жамбаспен келуі.

2)Жатыр мойны жағдайына қарап диагноз қойылады - қысқарған, жұмсарған. Жатырдың жағдайы- қозғыш немесе толғақтың басталуы.

3)Салмағы 2500 кем, ұзындығы- 45см. кем, терісінде сұр түсті май көп, тері асты клечатка әлсіз дамыған, барлық денесі үлпілдек түкпен жабылған, құлақ және мұрын шеміршектері жұмсақ, тырнақтары тырнақ түбіріне кірмеген, кіндік сақинасы қасағаға жақын орналасқан. Ұлдарда-жұмыртқалары ұмасына түспеген, қыздарда-үлкен жыныс еріндері кішісін жаппайды.

4)Толғақты санау және күшін анықтау стандарты.

№13есеп. Босанғаннан кейінгі үшінші тәулікте қынапта жара анықталады. Шекарасы анық,жиегі ісінген, қызарған және қоршаған тканьдер инфильтратты. Түбі сұр, іріңді жабындымен жабылған.

1) Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2) Жүкті әйелдің организімінде қандай физиологиялық инфекцияға қарсы тұратын тосқауылдар болады?

3) Босанудан кейінгі ауруларлың жалпы себептерін атаңыз.

4) Көрсетілген жараны өңдеңіз.

Жауабы:

1). Босанғаннан кейінгі кезең. Босанғаннан кейінгі қынаптың жарасы, негізі клиникасы.

2). Механикалық және иммунологиялық кедергілер шырышты тығын, қынап шырыштарындағы иммунноглобулиндер. Плацента алаңы лейкоциттердің грануляциялық валымен көмкерілген.

3). Жалпы белгілері-озноб, T°көтерілуі, PS-жиілеуі, ОЖЖ- ның жалпы өзгірістері, ЖҚТ-өзгеруі, қан жағынан – лейкоцитоз, ЭТЖ-жылдамдауы. Жергілікті белгілер міндетті түрде болады.

4). Босанудан кейінгі жараны өңдеу стандарты.

№14есеп. Босанған әйелдің (родильница) босанғаннан кейінгі бесінші күні жыныс жолдарынан бөліну тоқтап қалды.

Объективті: температура 39°, дірілдеп қалтырайды, PS-жиі. Пальпацияда-жатыр үлкейген, оның қабырғасы біркелкі қалыңдамаған.

1) Сіздің диагнозыңыз және берілген патологияның даму себептері.

2) Көрсетілген патологияның жіктелуін көрсет.

3) Босанудан кейінгі аурулардың жалпы емдеу принциптері.

4) Аралықтағы тігісті өңде.

Жауабы:

1). Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Лохиометра. Жатырдың иілуі немесе жатыр мойны өзегінің ұйыған қандармен, қабық бөлшектерімен бітелуі.

2). Босанудан кейінгі аурулар төрт топқа бөлінеді:

I - инфекция түскен жерде шектеледі - жара, эндометрит, лохиометрия.

II - инфекция жарақаттан шығады, бірақ таралмайды.

-метрит, аднексит. Шектелген тромбофибит, параметрит.

III - инфекция таралуға жақын, жайылған перитонит, күшейген тромбофлебит.

IV - таралған инфекция- септицемия, септикопиемия.

3) қабынуға қарсы терапия. Десенсибилизациялаушы тарапия, детоесикациялық терапия, симптомдық ем.

4) Аралықтағы тігісті күту стандарты.

№15 есеп. Босанғаннан кейінігі кезеңнің екінші аптасында әйелдің t°-39°C –ға дейін көтерілді.дірілдеп,қалтырау болып, жүрген кезде балтыр еттерінде, аяқтардың тері асты веналар бойымен ауыру сезімі пайда болып, ісініп, қызарады

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізі.

2). Берілген аурудың қандай алғашқы клиникалары бар?

3). Көрсетілген патологиялардың диагностикасының қандай қосымша әдістері бар?

4). Манжетка сынамасын жүргізіңіз.

Жауабы:

1). Басанғаннан кейінгі кеш кезең. Аяқтардың жақын орналасқан веналарының тромбофлебиті.

2). Босанғаннан кейінгі ауруларға тән клиника ұзақ уақытқа созылған субфебрилитет,

пульстің баспалдақ бейнелі жіктелуі, балтыр бұлшық еттерінің ауыруы.

3). Манжетка сынамасы. Қысым 140 мм.сын.бағ. кем болғанда, балтыр бұлшық еттерінде ауру пайда бола бастайды. Қалыпта 170-180 мм.сын.бағ.

4). Манжетка сынамасы стандарты.

№16 есеп. Жүктіліктің 37аптасы. Түнде, толық тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан ұйып қан келе бастады. Жағдайы қанағаттанарлық.

1). Сіздің диагнозыңыз және жүктіліктің осы асқынуына сипаттама беріңіз.

2). Осы асқынудың даму механизмі.

3). Жүктілік және босануды жүргізу тактикасы.

4). Босанудың үшінші кезеңінің физиологиялық ағымында жаңа туылған баланың бірінші тазалығын жүргізіңіз.

Жауабы:

1). Жүктіліктің 34аптасы. Плацентаның орталық орналасуы. Плацентаның келуі - клиникалық жағдай, нәрестенің туылуына кедергі жасаушы, кіші жамбас кіре берісіне плацентаның келуі. Орталық - плацента ішкі ернеуді толық жауып тұрады. Бүйірімен плацента ішкі ернеуді жартылай бір жағымен жауып тұрады. Қырымен –плацента жатырдың төменгі сегментіне, қыры ішкі ернеуге жетіп, орналасады.

2. Кіші сегмент пайда болғанда плацента децидуальді қабықтан ажырайды, қан кетуге әкеледі. Қан кету плацентаның ажырау дәрежесіне байланысты.

3). Алдын ала жатқызу көрсетілген. Қатаң төсек тәртібі, жүктілікті сақтау шаралары, нәрестенің гипоксиясының алдын алу, антианемиялық ем. Плацентаның толық келуінде кесар тілігі жолымен босандыру.

4). Жаңа туылған нәрестенің біріншілік тазалығы стандарты.

№17есеп. Жүкті әйелде жүктіліктің 36-37 аптасында сыртқы акушерлік зерттеуде анықталады. Жатыр түбі биік орналасқан,диафрагманы итеріп тұр. Кіші жамбас кіре берісінде жұмсақ, аз қозғалатын ірі мүше анықталады. Нәрестенің жүрек соғуы кіндіктен жоғары естіледі.

1). Сіздің диагнозыңыз және негізделуі.

2). Осы жағдайдың жіктелуі.

3). Әйелдер кеңесі акушеркасының тактикасы.

4). Берілген клиникалық жағдайдағы босануды жүргізіңіз.

Жауабы:

1). Жүктіліктің 36-37 аптасы.Нәрестенің жамбаспен келуі. Жүргізілген акушерлік зерттеуге негізделген.

2). Жамбаспен келуі- таза және аралас. Аяқпен келуі - толық және жартылай, тіземен.

3). Акушерка жамбаспен келу анықталғанда жүкті әйелді перзентханаға, зерттеуге және босануды жүргізу жоспарын құруға және босандыруға, мүмкін болатын асқынуды болдырмау мақсатында, алдын ала жатқызуы керек.

4). Жамбаспен келудегі босануды жүргізу стандарты.

18есеп. Қайта босанушы әйел, жамбас өлшемдері қалыпта, жүктілік мерзімі жеткен, толғағы қысқа, күші орташа болып, арасындағы пауза ұзарған. Басы кіші сегментімен кіші жамбас кіре берісінде. Нәрестенің жүрек соғуы анық, мин 136рет.

PV: 6см ашылған( жатыр мойны) , қағанақ қуығы бүтін.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген патологияның себебі не болады ?

3). Берілген патологияны жіктеңіз.

4). Жаңа туылған нәрестенің екінші тазалығын жүргізіңіз.

Жауабы:

1). Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың бірінші кезеңі. Босану күштерінің әлсіздігі. Клиникасы- негіз болады.

2) Себептері: экстрогендердің , окситоциннің жетіспеуі; әйелдің шаршауы; аборттың әсерінен жатыр патологиялары , тыртықты өзгерістер, жатыр ісіктері, қорқыныш, үрей, мерзіміне жетпеген, уақытынан асқан жүктілік.

3) –патологиялық прелиминарлық кезең;

-босану күштерінің әлсіреуі( бірінші және екінші кезеңдерде)

-тым күшті толғақ;

-ретсіз толғақ;

4) Жаңа туылған нәрестенің екіншілік тазалық стандарты.

№19есеп. Босанудың екінші кезеңінде нәресте басының жарып шығу кезінде аралық терісінің көгеруі, содан кейін оның бозарып және жылтырауы пайда болды

1) Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2) Көрсетілген патологияның даму механизмі қандай және берілген патологияның дамуына қандай себептер әкеледі ?

3) Сіздің жүргізу тактикаңыз ?

4)аралықтың бірінші дәрежелі жыртылуына тігіс салыңыз және әйелге кеңес беріңіз

Жауабы:

1). Жетілген жүктілік. Босанудың екінші кезеңі. Аралықтың жыртылу қаупі. Клиникалық сипаттамасы-негіз болып тұр.

2). Бас тіндері, вена тамырларын қысқандықтан қан ағу бұзылады.- содан көгереді. Веналық тоқтау тіндердің ісінуіне әкеледі. Бастың ары қарай басуы салдарынан артериялар қысылады.- аралық терісі бозарады. Алмасу процесінің бұзылуы аралық тіндерінің төзімділігін төмендетеді, сөйтіп аралықтың жыртылу қаупіне әкеледі.

3). Жыртылуға биік, созылғыштығы төмен аралық, тыртықты өзгеріске ұшыраған аралық бейім болады. ірі нәресте, тар жамбас, бастың дұрыс қондырылмауы, жылдам және тез босанулар себепші болады.

4). Аралыққа тігіс салу стандарты.

№20есеп. Босану болды, салмағы -4300.0 гр,ұзындығы 54 см. нәресте туылды. Екінші кезең 40 минутқа созылды, ерекшеліксіз. Бір күннен кейін симфиз аймағында ауру сезімі пайда болды.

Объективті: шат байламы аймағында аздап ісіну және қызару анықталды. Пальпация кезінде шат байламы ауырады.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі

2). Берілген патологияның дамуының негізгі себебін көрсетіңіз?

3). Диагнозды растау үшін қандай тесттер жүргізу керек?

4). Диагональды коньюгатаны анықтаңыз.

Жауыбы:

1). Жетілген жүктілік. Босану. Ірі нәресте. Симфизит. Негізделеуі клиникасы бойынша.

2). Дамудың ең негізгі себепшісі - ірі нәресте.

3). Шат буындасында пальпация кезінде ойық анықталады, аяқтарын жамбас сан және тізе буындарында бүгіп, тізелерін алшақтаттқанда - қатты ауырсыну анықталады.

4). Диагональды коньюгатаны анықтау стандарты.

№21 есеп. Босану болды, жетілген, салмағы-4300,0 гр, ұзындығы -52 см. нәресте туылды. Бала жолдасы өздігінен бөлініп туылды, бүтін. Жатыр тығыз. Жыныс жолдарынан тоқтаусыз ағып, қан кете бастады.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі ?

2). Берілген патологияның себептерін және жіктелуін көрсетіңіз.

3). Босануды жүргізу кезінде қандай қателіктер жіберілді?

4). Босануды қоздыру тәсілін көрсетіңіз.

Жауабы:

1). Жетілген жүктілік. Босану. Ірі нәресте. Жатыр мойнының жыртылуы. Клникасы негіз болады.

2). Ірі нәресте, жылдам және қарқынды босану, тіндердің созылғыштығының жоғалуы, жатыр мойнының тыртықты өзгерістері, босану күштерінің аномалиялары, босануды дұрыс жүргізбеу, оперативті босандыру (акушерлік қысқыш, вакуум экстрактр).

1-дәрежелі жыртылу- 2см дейін.

2-дәрежелі жаыртылу -2см.көп, бірақ күмбездерге жетпейді.

3-дәрежелі жыртылу қынап күмбездеріне жетеді.

3). Спазмолитиктер енгізу керек болатын.

4). Босануды қоздыру стандарты.

№22 есеп.Босанудың 1- кезеңінде толғақтың және жатырдың төменгі сегментінің қатты аурушаңдығы байқалды. Босанушы (роженица) мазасыз, PS-жиі, тілі құрғақ, демігеді. Жатыр ұзынша созылған, контракциялық сақина кіндік тұсында.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі?

2). Берілген патологияның себептерін және жіктелуін көрсетіңіз.

3). Жүргізу тактикасы?

4). Амниотомияны жүргізіңіз.

Жауабы:

1).Жетілген жүктілік. Босанудың бірінші кезеңі, жатырдың жыртылу қаупі, клиникасымен негізделеді.

2). Жатыр еттеріндегі өзгерістер, ісік әсерінен механикалық кедергілер, тар жамбас, ірі нәресте, ретсіз толғақ, нәресте басының дұрыс қондырылмауы.

-- Болу уақыты жыртылу - жүктілік кезінде, босану кезінде.

-- Клиникасы бойынша –қаупі, басталуы, жыртылуы.

-- Зақымдану сипаты бойынша –сызат алуы, жартылай және толық жыртылуы.

-- Орналасуы бойынша – жатыр түбінің, денесінің, төменгі сегментінің жыртылуы.

3). Көмек көрсетуді жатырдың жыртылу қаупінің белгілері пайда болғанда бастайды. Гинипрал енгізу арқылы толғақты тоқтату. Жатыр босаңсығаннан кейін-әйелді арбаға жатқызу және қуықты зәрден босатқаннан кейін, ота жасайтын бөлімге ауыстыру.

4). Амниотомия жүргізу стандарты.

№23 есеп. Мерзімі 37 апталық жүкті әйел жеткізілді, толғақсыз, ішінің қатты, кесіп ауыратынына шағымданады.

Объективті: жатыр тырысқан, нәресте мүшелерін және жүрек соғуын есту мүмкін болмады.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген патологияға қандай себептер әкеледі?

3). Берілген патология қандай асқынуларға әкеледі?

4). Нәресте бас өлшемдерін көрсетіңіз.

Жауабы:

1). Жүктіліктің 37 аптасы. Қалыпты орналасқан плацентаның алдын ала бөлінуі.

2). Себептері: жатырдың қабынуы және дегенеративті өзгерістері, жатырдың шамадан тыс созылуы. Гестоз әсерінен тамырдағы өзгерістер, соматикалық аурулар, гипертониялық аурулар, қысқа кіндік бауы, көп ұрықтық және су көптікте жатырдың жылдам босап қалуы, жарақаттар.

3). Нәрестеде терең гипоксия болады, плацентаның 1/3 бөлінуінде оның өлуі де мүмкін. Көлемді жатыр - плацентааралық гематомада жатырға қан сіңеді (кувелер жатыры) , ондай жатыр жиырыла алмайды, гипотониялық немесе атониялық қан кету болады, бұл геморрагиялық шокқа, ДВС синдромға, анемияға, босанғаннан кейінгі септикалық ауруларға әкеледі. Тамырды пункция жасап, носилканың бас жағын түсіріп, тасымалдау керек.

4).Нәресте бас өлшемдерінің стандарты.

№24 есеп.Босану болды, жетілген, салмағы 4200.0 гр, ұзындығы-54см, нәресте туылды. Бала жолдасы бөлінді және өздігінен,бүтін шықты, 5минут өткен кейін, жыныс жолдарынан қан кете бастады. Жатыр босаңсып қалды, іш пердесі арқылы анықталмайды.А/қ 85/50 мм.сын.бағ.терісі бозарған. PS-жиі.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Көрсетілген патологияның дамуына қандай себептер әкеледі?

3). Бала жолдасы кезеңінде және босанғаннан кейінгі кезеңде қан кету себептері қандай?

4). Бірінші сатыдағы қан кетуді тоқтатуды көрсетіңіз.

Жауабы:

1). Жетілген жүктілік. Босану. Ірі нәресте. Жатыр гипотониясы. Негізделуі- клиникасы.

2). Себептері: Жатыр гипотониясына босану күштерінің аномалиялары, жатыр миомасы, аборттар, жатыр қабыну аурулары, ірі нәрестеден, көп ұрықтықтан, су көптіктен- жатырдың шамадан тыс созылуы әкеледі.

3). Бала жолдасы кезеңінде плацентаның нығыздалып немесе шын жапсырылуынан, плацентаның бөліну аномалиясынан(ауытқуынан), жатырдың жиырылу қабілетінің бұзылуынан, бала жолдасы бөлшектерінің жатыр қуысында іркілуінен қан кетулері мүмкін, босанудан кейінгі ерте кезеңде - жатырдың гипотониясы және атониясынан.

4). Қан кетуді тоқтату стандарты.

№25 есеп. Қайта босанушы әйелде жүктілік мерзімі 38-39 апта, жамбас өлшемдері қалыпта, қағанақ қуығы бүтін, толғағы әр 15 минут сайын 35 секундтан. Сыртқы акушерлік зерттеуде анықталды : нәресте тігінен орналасқан, алдыңғы бөлігі – бас, арқасы және басы арасында, ойық анықталады.

PV:ашылуы 6 см.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген патологияның жіктелуі.

3). Босануды жүргізу және мүмкін болатын асқынулар.

4). Бөлінген бала жолдасын сырттай шығару тәсілдерін көрсетіңіз.

Жауабы:

1). Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың бірінші кезеңі. Нрестенің бетімен келуі. Клиникасы негіз болады.

2). Бастың шалқайып қондырылуы: 1-дәрежесі төбемен келуі, 2-дәрежесі маңдаймен,3 дәрежесі бетпен. Ерекшелігі – бастың иілуі емес, шалқаюының болуы, босану тек артқы түрінде болады. Бетпен қондырылуда - босану мүмкін, себебі бас жыныс ернеулерін вертикалдьды өлшеммен жарып шығады -10см. Акушерка үшін ең негізгісі анықтау, босандыру әдісі соған байланысты.

3).Босану кезеңі ұзаққа созылады. Алдыңғы түрі оперативті босандыруға көрсеткіш болады. Босанудың 1 кезеңінде босанушы әйелді нәрестенің иегі қарап тұрған бүйіріне жатқызып қою керек. (қағанақ суының ерте кетуін болдырмау үшін). 2-кезеңде босану күшінің сипатын, бастың жылжуын, әйел және нәресте жағдайын қатаң бақылау керек.

Босану күштерінің ауытқулары, қағанақ қуығының ерте жыртылуы, сумен бірге кіндік бауының түсіп кетуі, аралықтың, жатырдың жыртылуы, нәрестенің тұншығуы; (себебі; босану кезінде мойынның тамыр жүйке топтамасының қысылуынан) босанудан кейінгі инфекция дамуы мүмкін.

4). Бөлінген бала жолдасын сырттай шығару стандарты.

№26 есеп. Әйелдер кеңесі акушеркасына жатыр ішілік контрацепция сұрағымен әйел келді.

1). Контрацепция деген не?

2). Контрацепцияның қандай түрлері бар?

3). Жатыр ішілік контрацепциялардың қандай түрі қолданылады және әсер ету механизмі.

4). Қынапқа ұнтақ дәрі себу іс-әрекетін көрсетініз.

Жауабы:

1). Контрацепция –жүктіліктен сақтану әдісі.

2). Қайтарымды- гормональды контрацепциялар, жатыр ішілік спиральдар, инъекциялар (Депо-провера) , импланттатар(норплант), тосқауылды әдістер.

Қайтарымсыз- оперативті (вазэктомия және жатыр түтіктерін байлау).

3).Заманауи қолданыстағы жатыр ішілік спиральдар-Копперлар, Мультилоад, инертті. ЖІС –мыспен, күміс оралған және левоноргестрелі бар спиральдар. ЖІС салынады және алынады етеккірдің 2-ші күндері. Әсері жатыр түтіктерінің перстальтикасын күшейтеді. Ол аналық жасушаның жылжуын жылдамдатады. Оны ұрықтануға үлгертпейді. Мыс және гормондары бар ЖІС. жатыр эндометриясының белсенділігін төмендетеді және имплантация мүмкін болмайды.

4). Қынапқа ұнтақ дәрі себу стандарты .

№27 есеп. Әйелдер кеңесінің жанұяны (отбасын) жоспарлау кабинетіне әйел гормональды контрцепция жайында білуге келді.

1). Отбасын жоспарлау деген не?

2). Отбасын жоспарлаудың алға қойған мақсаты не?

3). Қандай оральды біріктірілген контрацептивтерді білесіз және олардың әсер ету механизмі?

4). Қынап тазалығына жағынды алыңыз.

Жауабы:

1) Отбасын жоспарлау – жалпы медикосанитарлық шара. Әйел және бала денсаулығын қорғауға, сақтауға бағытталған.

2) Отбасын жоспарлаудың мақсаты- керексіз жүктілікті болдырмау, бала санын және жүктіліктің арасын реттеу, жүктілікке дейін тексерілуден өту және тиісті емдер қабылдау. Бұл шара санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу жолымен іске асырылады.

3) Гормональды контрацептивтер монофазалы, екі фазалы, үш фазалы, болып бөлінеді. Таза гестагендер, мини-пили және шұғыл түрлері. Біріктірілген ауыз арқылы берілетін контрацепция дәрежелігі – құпиялылық, жеңілділігі және қолдануға қол жетерлік, бала қажет деп шешкенде –оларды тоқтату керек. БАК әсер ету механизмі мойын шырышының жабысқақтығының көбеюі; овуляциясының басылуы; жатыр түтігі перстальтикасының төмендеуі; эндометрияның имплантацияға теріс жағдайы.

4) Қынап тазалығына жағынды алу стандарты.

№28 есеп.25 жастағы әйелді қарағанда жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасыннан ашық қызыл түсті өскін анықталды.

1). Сіздің болжамалы диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген патологияның қандай түрлері болады және әйелге қандай зерттеу жүргізу қажет?

3). Әйелге қандай ем қажет?

4). Жатыр мойнын айнамен қараңыз.

Жауабы:

1). Жатыр мойны жарасы, ол клиникасына негізделеді.

2). Жатыр мойны жарасы бұл көп қабатты жалпақ эпителидің кемістігі. Жатыр мойнының сыртқы ернеуінің аймағында цилиндрлі және көп қабатты жалпақ эпителии арасында шекара өтеді. Осы шекараның сырқы ернеу маңайынан ығысуы эрозия мағынасын құрайды. Эрозия –туылғаннан, шын және псевдоэрозия болуы мүмкін. Оларды мойнын айна арқылы қарағанда, кольпоскопия, онкоцитологияға жағынды алу, биопсия алу керек.

3). Солковагил – цилиндрлі эпителидің клеткаларын көп қабатты жалпақ эпителиге алмастыруын шақырады, ем ұзақтығы 3-4 апта. Тержинанмен, гексиконмен балауыздар, балмен, облепиха мйымен тампондар. Хирургиялық емдеу әдісі қолданылады-эксцизия, оны етеккір келгенге дейін 4-5 күн бұрын жүргізеді, лазерлі хирургия.

4). Жатыр мойнын айнамен қарау стандарты.

№29 есеп. Медициналық аборттан кейін 3-тәулікте әйелдің ішінің төменгі жағы ауырып,t°-38°С дейін көтерілді. Айнамен қарағанда ; цервикалды каналдан (жатыр мойны өзегінен) қан аралас іріңді бөлінулер.

PV: жатыр денесі ауырсынады, аздап үлкейген,жұмсақтау.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Анықталған жағдай қандай ауру тобына жатады және әйелге қандай зерттеу жүргізу керек?

3). Емдеу принциптері.

4). Созға және трихомонадқа жағынды алуды көрсетіңіз.

Жауабы:

1). Эндометрит. Клиникасы –негіз болады.

2).Берілген ауру спецификалық емес қабыну ауруларына жатады. Эндометрит – жатырдың шырышты қабатының қабынуы. Көп жағдайда аборттан, босанудан, жатырды диагностикалық қырудан, ЖІС-кейін дамиды. Бимануальды зерттеуде – жатыр аурушаң. Қанда –лейкоцитоз, ЭТЖ-жалдамдауы. Мазокта -қабыну сипаттары.

3). Ем стационарда жүргізіледі. Кең түрде қолданылатын антибиотиктер тағайындалады. в\в тамшылатып метронидазол, инфузиялық, десенсибилизациялық және жалпы қуаттандыратын терапия.

4). Жағынды алу стандарты.

№30есеп.Әйел жыныс жолдарынан көп мөлшерде көбік тәрізді бөлінулер келетініне шағымданып келді. Айнамен қарағанда: шырыштары ісінген, қызарған, аздап қансырайды, көп мөлшерде,ірің араласқан көпіршікті бөлінуімен жабылған.

1). Сіздің диагнозыңыз және оның негізделуі.

2). Берілген ауру қандай топқа жатады және көрсетілген патологияның қоздырғышы?

3). Әйелге қандай зерттеу және ем қажет?

4). Фурациллинмен қынапты булауды көрсетіңіз.

Жауабы:

1).Трихомониаз. Клиникасы негіз болады.

2). Бұл спецификалық қабыну ауруы, жаныс жолы арқылы беріледі. Қоздырғышы-қарапайым, қынаптық трихомонад. Жіпшелер класына жатады, бөліну арқылы көбейеді. Трихомонадтар хламидия, гоноккок, уреплазмаларға сақталатын қойма болып табылады.

3). Зерттеу үшін үрпіден, цервикалды каналдан жағынды алу қажет.

Емдеу –екі серіктестерге бір мезгілде; фасижин-0.5г. күніне 4 рет; метронидозол схема бойынша. Патологиялық сұйықтықты жойған соң, таржинан, полижинакс- балауыздары. Жазылу критерии- етеккірдің 1-3 күндері жағынды алу, 3- етеккір циклы бойы.

4). Қынапты булау стандарты.


Другие страницы сайта


Для Вас подготовлен образовательный материал №1есеп. Әйел екі ай бойы етеккірінің келмегендігіне, таң ертең лоқсу және құсу, қышқыл нәрселерді қалайтынына

5 stars - based on 220 reviews 5
  • Учет динамики развития законодательства
  • Во имя Господа
  • Русская душа
  • Дублирование понятий
  • Часть 1 включает 28 заданий (А1–А28). К каждому заданию дается 4 варианта ответа, из которых только один правильный. Внимательно прочитайте каждое задание и проанализируйте ВСЕ варианты предложенных
  • КЛАССИЧЕСКИЙ ИДЕАЛИЗМ ΧνΠΊ-ΧΙΧ вв. 4 страница
  • Действие уголовно-исполнительного закона во времени
  • Предмет уголовно-исполнительного права